Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында 100-ден аса көлік қар құрсауында қалды

Жолда қалған жолаушыларға ыстық тамақ беріліп, жылу пункті ұйымдастырылды

 Дәурен Ерболат 04.01.2023 | 15:27
Павлодар облысында 100-ден аса көлік қар құрсауында қалды
Фото: inbusiness.kz

Павлодар облысында ауа райы нашарлап, 100-ден аса көлік қар құрсауында қалды, деп хабарлады Облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Басқарма мәліметінше, Шідерті кентінде жолдардың жабылуына байланысты 118 көлік (26 жүк және 87 жеңіл көлік, 5 автобус) тұрып қалған. Оларда жалпы 225 адам бар, оның 15-і – балалар.

Олар үшін 3 жылу пункті ұйымдастырылды: «Сарухан», «Ақжол» қонақ үйлері және ауыл мешіті. Онда 86 адам орналастырылды. Оның алтауы – кәмелетке толмаған, - деп жазылған хабарламада.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қызметкерлері 4 жол техникасы мен 4 К-700 тракторының көмегімен жолды тазалап жатыр. Сондай-ақ 2 арнайы техника, 5 ТЖД маманы, 7 полицей тартылды.

Жергілікті атқарушы органдар Шідерті орта мектебінің асханасында жолда қалып қойған қазақстандықтар үшін ыстық тамақ ұйымдастырды.

Бұған дейін Ақмола облысында боран мен жолдың нашар көрінуіне байланысты республикалық маңызы бар Павлодар – Астана тас жолында Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін көлік қозғалысы жабылған болатын.

4 бағыт бойынша көлік қозғалысына шектеу енгізілді: Павлодар – Абай облыстарының шекарасы, Қалқаман ауылы – Қарағанды облысының шекарасы, Шідерті ауылы – Қарағанды облысының шекарасы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама