9-ының беті мен көзі, ал 4-еуінің қолы жарақаттанған
Алматы қалалық жедел жәрдем қызметі директорының орынбасары Андрей Ложкин жаңа жылдық мереке кезінде пиротехникалық өнімдерден 3 бала мен 10 ересек адамның зардап шеккенін мәлімдеді.
Олардың 9-ының беті мен көзі, ал 4-еуінің қолы жарақаттанған. Зардап шеккен 12 адам ауруханалардың мамандандырылған бөлімшелеріне жеткізілді.
Мереке күндері алматылық жедел жәрдем бригадалары күніне орта есеппен 3 мың шақырту алған. Оның 30%-ы жіті жұқпалы аурулармен, 10%-ы жазатайым оқиғалармен байланысты болып отыр.