×

Петропавлда 19 жастағы қыз ер адамды өрт шыққан үйден алып шықты

Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр

 Халық үні 03.01.2023 | 10:26
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Петропавлда өрт салдарынан бір адам қайтыс болды, енді бірі 19 жастағы қыздың арқасында аман қалды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Өрт Жұмысшы кентіндегі жеке тұрғын үйден шыққан. Оқиға 2023 жылдың бірінші қаңтарында болған. 

Өрт шыққаны туралы 101 өрт сөндіру қызметіне сағат 19:38-де хабарланды.

Оқиға орнына келген мамандар өртті 20:11-де оқшаулап, 20:41-де толық сөндірді.

Оқиға орнынан сол жерде тұратын 1989 жылы туған адамның мәйіті табылды.

«Өрт шыққанын Жұмысшы кентінің тұрғыны 19 жастағы Мария Симонова көрген. Ол түтінді көріп, оқиға орнына барған. Үйдің есігін ашқан ол үйден шығуға талпынып жатқан адамды көрген. Мария оған шығуға көмектесіп, өрт сөндірушілерді шақырған», - делінген ақпаратта.

1990 жылы туған ер адамның басы мен қолын күйік шалған. Ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ.

Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама