Halyq Uni логотип
×

Бір тәулікте 76 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

2 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

 Халық үні 03.01.2023 | 09:24
Бір тәулікте 76 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
фото: Zakon.kz

Қазақстанда бір тәулікте 76 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Инфекция салдарынан қайтыс болғандар жоқ, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

3 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 680 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Оның ішінде 259 пациент стационарда, 2 421 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Коронавирус анықталғандардың арасында 7 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайын өте ауыр деп бағаланған.

2 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама