Тура екі жыл бұрын Қазақстанда коронавирустың алғашқы жағдайлары тіркелді
Нұр-Сұлтанның тағы бір сауда орталығында егу пункті жабылды.
«Asia Park» СОО-да орналасқан егу пункті 15 наурыздан бастап қала тұрғындарын КВИ-ға қарсы вакциналау және ревакциналау жұмыстарын тоқтатады. Азаматтарды коронавирусқа қарсы екпемен жаппай қамту үшін аталған сауда орталығында вакциналау пункті былтыр жазда ашылған, – деді астананың денсаулық сақтау басқармасы.
Бүгін тұрғындар екпені 26 алғашқы көмек көрсету ұйымдарында, «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалында, үш сауда кешенінде – «Керуен» СОО, «Абу даби Плаза» мен «Евразия» СҮ-де ала алады.