Талдықорған маңында жол апатынан 2 адам қаза тапты
42 жастағы жүргізуші көліктің рулін басқара алмай қалған
Талдықорған маңында жеңіл көліктің аударылуы салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 1 қаңтарда «Талдықорған-Үштөбе» тас жолының 10 шақырымында «Фольксваген Гольф» автокөлігінің қатысуымен болған. 42 жастағы жүргізуші көліктің рулін басқара алмай, жол жиегінен шығып кетіп, оның аударылуына жол берді. Оқиға орнында шетелдік неміс көлігінің жүргізушісі мен автокөліктегі 35-жастағы жолаушы әйел қайтыс болды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полицейлер өңір аумағында 31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін автожолдарда қарлы және көктайғақпен бірге күрделі ауа райы жағдайлары сақталатынын ескертеді. Осыған байланысты азаматтардан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, рұқсат етілген жылдамдық режимінен аспауды сұрайды.