Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай зымыран ұшырды

Динара Амантай

Әскерилер зымыранның қашықтығы, биіктігі мен ұшу жылдамдығын талдап жатыр

Фото: © Сергей Казак

Солтүстік Корея өзінің баллистикалық зымыранын 2023 жылы Сеул уақытымен жексенбі күні Жапония теңізіне қарай ұшырды, деп хабарлады Yonhap агенттігі Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб басшылығына сілтеме жасап.

Әскерилер зымыранның қашықтығы, биіктігі мен ұшу жылдамдығын талдап жатыр.

Агенттіктің пайымдауынша, зымыран ұшыру Пхеньянның 30 желтоқсанда Оңтүстік Кореяның қатты отынды зымыран тасығышын сынауына қатысты жауабы болуы мүмкін. Жалпы, КХДР 2022 жылы 70-ке жуық зымыран ұшырған.

Еске сала кетсек, сенбі күні таңертең Солтүстік Корея Хванхэ провинциясының Чунгхва округінен Жапон теңізіне қарай қысқа қашықтықтағы үш баллистикалық зымыранды ұшырған болатын. Олар шамамен 350 шақырым ұшып, максималды биіктігі 100 шақырымды құрады