Halyq Uni логотип
×

Балаларын түнде қыдыруға жіберген 78 мыңнан аса ата-ана жауапқа тартылған

Оларға түнде қызмет көрсеткен 1 600 кәсіпкер де жазаланды

 Еркеғали Болатұлы 31.12.2022 | 16:06
Балаларын түнде қыдыруға жіберген 78 мыңнан аса ата-ана жауапқа тартылған
фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Биыл кәмелетке толмаған балаларды түнгі уақытта ойын-сауық орындарына жібергені үшін 78 мыңнан аса ата-ана әкімшілік жауапқа тартылған. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев айтты.

Сондай-ақ жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін 1 600 кәсіпкер әкімшілік жазаға тартылды, - деді ол.

Бұдан бөлек, Қайсар Сұлтанбаев биыл балаларға қатысты жасалған жыныстық қол сұғушылық қылмыстары 22,7%-ға азайғанын атап өтті. Оның айтуынша, карантиндік шектеулерді алып тастау – бұл бағыттағы заңға қайшы әрекеттер санының төмендеуіне сеп болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама