«Қазақстан халқына» қоры қайырымдылыққа жиналған 131 млрд теңгенің 18 млрд теңгесін ғана жұмсады

Айнұр Шошаева

Қор Әулиекөлдегі өрт пен Екібастұздағы апаттан зардап шеккендерге неше теңге аударды?

Коллаж: Halyq Uni

Қаңтарда «Қазақстан халқына» қорының құрылғанына бір жыл толады. Halyq Uni халықтық қордың осы уақыт ішінде не істегенін, ең бастысы донорлардан түскен қаржының қайда жұмсалғанын есептеп көрді. 
Құрылған уақыттан бастап «Қазақстан халқына» қорына 79 мың донордан 131,7 млрд теңге түскен. 2022 жылдың 1 желтоқсанына дейін бұл соманың 13 пайызын ғана жұмсаған. 

1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қордың Қамқоршылық кеңесі мақұлдаған бағдарламалар мен жобалардың жалпы құны 46 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 18 млрд 427 млн теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді, – деді Қордың баспасөз қызметі. 

Жалпы, қордың көрсеткен қайырымдылық көмектері туралы ақпарат ұйымның ресми сайтында жарияланған. Онда төлем атауы, мақсаты, сомасы көрсетілген және жасасқан шарттары туралы ақпарат бар.

Бүгінде ұйым денсаулық сақтау, білім, дәрі-дәрмек сатып алу, спорт, төтенше жағдай бағыттары бойынша түрлі жобаларды қаржыландырып отыр. 

Айта кетейік, қор жиналған қаржының көп бөлігін денсаулық сақтау мен қайырымдылыққа жұмсады. Атап айтқанда, Қазақстан халқына қоры 84 науқасқа (оның ішінде 68 бала) 11,312 млрд теңгеге қымбат дәрілік препараттарды сатып әперді. Жыл соңына дейін тағы 64 науқасты қамтамасыз ету жоспарланып отыр.  Сондай-ақ 10 емделушіні (179 млн 782 мың 969 тг) шетелдік клиникаларға жіберді (Ресей, Түркия, Оңтүстік Корея, Израиль), оның ішінде 7 бала бар. 

Мүгедектігі бар балалар мен жастарды (14-29 жас) инновациялық протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында 56 адам (оның ішінде 29 бала) 560 млн теңгеге инновациялық протездер алды. Осы мақсаттарға 1 млрд 568 млн теңге бөлінді. 

«Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды роботтық құралдармен (экзоскелеттермен) қамтамасыз ету». Сал ауруына шалдыққан 4 балаға экзоскелет берілді. Бағдарлама бойынша 2023 жылы тағы 9 балаға экзоскелет жасау жоспарланып отыр. Бағдарламаның бюджеті 117 млн теңге (9 млн теңгеден 1 экзоскелет). 

Сондай-ақ Тамырлы патологиясы бар балаларға медициналық көмек көрсету бағдарламасына Бағдарламаға 20 480 000 теңге бөлінді. Бағдарлама бойынша барлығы 103 бала тіркелді, оның ішінде 86 бала қордың серіктесі – А.Қарабеков атындағы ҚҚ әлеуметтік медициналық орталығының базасында дәрі-дәрмек терапиясы мен лазерлік ем алып жатыр. 

«Ерте араласу орталықтарын жарақтандыру» бағдарламасы бойынша 2023 жылдың наурызына қарай Қор осы орталықтарды 13 өңірде: Алматы, Шымкент, Қостанай, Тараз, Өскемен, Талдықорған, Павлодар, Қарағанды, Петропавл, Арал, Орал, Атырау қалаларында Түркістан облысының Қабланбек ауылында жарақтандыруды жоспарлап отыр. Орталықтарды жарақтандыруға 1 615 808 329 теңге бөлінді. 
Шала туылған нәрестелердің ретинопатиясын офтальмологиялық скрининг пен емдеуге арналған жабдықтармен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында 297,8 млн теңге сомасына 31 медициналық ұйымға жабдық жеткізуді жоспарлап отыр. 

Көздің мүйізгек қабығын ауыстырып салуды қажет ететін көз ағзаларының аурулары бар пациенттерге қайырымдылық көмек көрсету. Бағдарлама аясында шұғыл қабық трансплантациясын қажет ететін 304 адамға көмек көрсету жоспарлануда, оның ішінде 107 бала бар. 2022-2024 жылдарға арналған бағдарламаның жалпы бюджеті 373,3 млн теңге.

«Аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталықтарды жарақтандыру» бағдарламасы бойынша жыл сайын 8 орталықтың әрқайсысында (Алматы, Шымкент, Қостанай, Тараз, Өскемен, Ақтөбе, Талдықорған, Павлодар) 125 бала кешенді қызмет алады деп күтілуде. Жалпы қамту аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар 1000 баланы құрайды. Бағдарлама бойынша жарақтандыруға 2 млрд 408 млн 104 мың теңге бағытталды. Орталықтар 2023 жылы ашылады. 

ТІРЕК МЕКТЕПТЕР, БІЛІМ ГРАНТЫ МЕН ПАСПОРТ

«Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» бағдарламасына іске асыра бастады.  Жобаның бюджеті 4 млрд 250 млн теңге (1 мектепке 250 млн теңге есебінен 17 мектеп). Бүгінгі таңда Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Абай, Ұлытау, ШҚО, Жетісу облыстарында 8 тірек ауылдық мектептерге оқыту курстары мен мұғалімдердің тағылымдамасы түрінде әдіснамалық көмек көрсетілді. 

«Болашақ инженерлер» бағдарламасы бойынша Қазақстанның барлық облыстарында: әр ауданда, шағын қалада және моноқалада бір мектепте роботехника кабинетін ашу көзделіп отыр. жарақтандырылатын болады.

1-6 сынып оқушылары 160 ауылдық және шағын қалаларда және моноқалаларда 27 мектепте бағдарламалау, құрастыру, мехатроника, электротехника және басқа да бағыттар бойынша білім ала алады. 2022-2026 жылдар кезеңінде жарақтандыруға 976 млн 140 мың теңге бағыттау көзделген.

Арнайы мектеп ұйымдарын жарақтандыру бағдарламасы. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 98 арнайы білім беру ұйымдарын, сондай-ақ «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ материалдық-техникалық жарақтандыруды жаңарту жоспарланып отыр.  2022-2024 жылдарға 2 млрд 764 млн теңгеге дейін бөлу жоспарлануда. Желтоқсан айында Шахтинск қаласында арнайы мектептің жабдықталуы аяқталып, таныстырылымы өтті. Сонымен қатар қор биыл Білім беру гранттары бағдарламасын іске асырды. Соның арқасында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 2267 студент грант иегері атанды. Қор оқу ақысы мен шәкіртақыны төлеуге 9 млрд теңгеден астам қаражат бөледі. Қазір студенттер 84 ұйымда білім алып, стипендия алады.

«24 балалар спорт залы» жобасы шалғайдағы елді мекендерде және спорт инфрақұрылымы деңгейі төмен ауылдарда спорт залдарын ашуды көздейді. Қор жабдықтар мен спорттық инвентарь сатып алу түрінде қайырымдылық көмек көрсетті. Қазақша күрес, бокс, гимнастика түрлері бойынша 24 залды ашуға арналған бағдарлама бюджеті - 183 млн 623 мың теңге. Бүгінгі таңда 11 облыста 23 зал ашылды: Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Жетісу, Қарағанды, СҚО, Түркістан, Ұлытау, БҚО, Атырау, Қостанай.

«Тұсау кесер» жобасы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау үшін іске қосылды. Еліміздің 5 өңірінде (Семей, Алматы, Шымкент, Атырау, Астана) ерекше балаларға арналған 5 Дене шынықтыру-сауықтыру үйірмесі ашылды. Бағдарламаны іске асыруға 37 494 066 теңге бөлінді. Жаттығулар спорттың бес түрі - бокс, армрестлинг, каратэ, ауыр атлетика және жекпе-жектен өтеді.

Бұған қоса «Қазақстан халқына» қоры елдегі жалғыз пара-хоккей құрамасы үшін 50 дана сырғытпа таяқ пен сатып 16 шана сатып алды. Қор осы мақсаттарға барлығы 12 млн 389 мың теңге бөлді. Сонымен бірге пара-атлетика үшін протез жобасын іске асырып жатыр. Бұл Спортшыларын параатлетикаға дайындау және қатысу үшін 10 спорттық-жүгіру протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама. Протездерді дайындауға 113 млн 475 мың теңге бөлу жоспарланып отыр. 

ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫ, ӘУЛИЕКӨЛДЕГІ ӨРТ ПЕН ЖЫЛУСЫЗ ҚАЛҒАН ЕКІБАСТҰЗ

Қор құрылған кезде ол қайырымдылықпен қатар, төтенше жағдайлар кезінде халыққа жәрдем беретіні айтылды. Жалпы қор 538 адамға жалпы сомасы 2 млрд 106 млн теңгені құрайтын қайырымдылық көмек көрсетті. Атап айтқанда: 

  • қаза тапқан 19 әскери қызметшінің, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерінің отбасына - 133 млн теңге (7 млн теңгеден);  
  • ауыр жарақат алған 111 әскери қызметшіге, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне - 333 млн теңге (3 млн теңгеден);
  • қаза тапқан әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары мен Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасындағы 23 кәмелетке толмаған балаға – 46 млн теңге (әрбір кәмелетке толмаған балаға 2 млн теңгеден);
  • Қаңтар оқиғасының құрбаны болған ҚР 135 азаматының отбасыларына - 945 млн теңге (7 млн теңгеден);
  • құрбан болған ҚР қаза тапқан азаматтарының отбасындағы 101 кәмелетке толмаған балаға - 202 млн теңге (әрбір кәмелетке толмаған балаға 2 млн теңгеден);
  • атыс қаруынан ауыр жарақат алған 136 кәмелетке толған азаматқа  - 408 млн теңге (3 млн теңгеден);
  • Қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алған 13 баланың отбасына - 39 млн теңге (3 млн теңгеден). 

Сонымен бірге қордың Қамқоршылық кеңесі БҚО-да 30 үйдің құрылысы үшін 771,9 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Қостанай облысының Әулиекөл ауданында болған орман өртінен кейін «Қазақстан халқына» жергілікті атқарушы органнан тұрғын үй алған әрбір отбасына 2 млн теңгеден берді. Сонымен бірге, жобалау-сметалық құжаттама дайын болған соң, өртеніп кеткен балалар лагерінің құрылысына қаражат бөлейін деп отыр. 

Айта кетейік, бір ай бұрын Екібастұздың ЖЭО апат болып, тұтас қала жылусыз қалды. Ресми органдар келтірілген залалдың ауқымын анықтағаннан кейін, сондай-ақ зардап шеккен халықтың санын анықтағаннан кейін Қор қаржылық көмек көрсетуді жоспарлап отыр.