Елімізде балалар үйлерінің саны азайып келеді
Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев 2022 жылы Қазақстанда қанша жетім бала баспаналы болғанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Биыл республика бойынша 700-ге жуық жетім бала пәтер алды. Қазақ – жетімін жылатпаған халық. Елімізде соңғы уақытта балалар үйлерінің саны азайып жатыр. Ең басты қағида – баланың отбасында өмір сүру, тәрбиелену құқығын қамтамасыз ету, - деді Ғани Бейсембаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 22 мың 81 жетім бала бар.
«Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 3 790-ы 84 ұйымда тәрбие алып жатыр. Қалған 18 291 бала отбасында тәрбиеленуде. Бұл – өз отбасында бала тәрбиелеуге ықылас білдірген ата-аналар санының өсуінің нәтижесі. Қазір министрлік денсаулық жағдайына қарамастан барлық баланы қабылдауға дайын болатын қосымша кәсіби қабылдаушы отбасыларды құру бойынша заңнамалық деңгейде жұмыс жүргізіп жатыр», - деді министрдің орынбасары.