Данил Ахунов 28 желтоқсанда жоғалып кеткен
Ақтөбеде бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 4 жастағы баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полицияның хабарлауынша, 4 жастағы Данил Ахунов 28 желтоқсанда жоғалып кеткен. 30 желтоқсанда баланың зорлық белгілері бар мәйіті табылды.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі («жас баланы өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өзге ақпарат жария етілмейді.