×

Күдікті ұсталды: Ақтөбеде жоғалып кеткен 4 жасар баланың мәйіті табылды

Данил Ахунов 28 желтоқсанда жоғалып кеткен

 Халық үні 30.12.2022 | 12:23
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбеде бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 4 жастағы баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Полицияның хабарлауынша, 4 жастағы Данил Ахунов 28 желтоқсанда жоғалып кеткен. 30 желтоқсанда баланың зорлық белгілері бар мәйіті табылды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі («жас баланы өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өзге ақпарат жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама