Елімізде 2022 жылы туған балалар саны мен ең көп қойылған есімдер айтылды
Туу коэфиценті Шымкент қаласы мен Түркістан, Маңғыстау облыстарында жоғары
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы жылдың 11 айында елімізде 369 140 бала дүниеге келген.
Жалпы, алғашқы баласын дүниеге әкелетіндердің орташа жасы – 20-21. Ал екінші баласын дүниеге әкелетіндердің орташа жасы 40-қа дейін ұлғайған.
Өңірлер арасында жоғарғы туу көрсеткіші, яғни жалпы туу коэфиценті Шымкент қаласы мен Түркістан, Маңғыстау облыстарында жоғары. Ең төмен көрсеткіш Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, - деді Ұлттық статистика бюросының бас сарапшысы Қайыр Рысбаев.
Сондай-ақ сарапшылар 2022 жылғы ең танымал есімдерді жариялады. Ерлі-зайыптылар жаңа туған ұлдарына Әлихан, Айсұлтан, Алдияр, Омар, Әмір деген есімдерді қойған. Ал қыздарға таңдалғандардың қатарында Медина, Айша, Айлин, Асылым және Томирис есімдері көбірек.