×

Жетісу облысында 8-сынып оқушысы отбасылы әскери қызметкерден жүкті болып қалған

Істі Сарыөзек әскери гарнизонының әскери полициясы тергеп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 29.12.2022 | 16:13
фото: ашық дереккөз

Жетісу облысында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалды. Күдікті қамауға алынды.

Аудандық білім беру басқармасы осы оқиғаға қатысты ресми ақпарат жариялады. Соған сүйенсек, кәмелеттік жасқа толмаған қызға қатысты жағдай 15 желтоқсанда анықталған.

Бұл ретте шекаралық аймақтағы әскери бөлім қызметкері Панфилов ауданына қарасты Лесновка ауылындағы орта мектептің оқушысымен әлеуметтік желі арқылы танысып, бірнеше рет кездесіп жүрген.

Оқушы 2008 жылы туған. Ал қамауға алынған әскери қызметкер 1999 жылы туған, отбасылы, бір баланың әкесі. Істі Сарыөзек әскери гарнизонының әскери полициясы тергеп жатыр,- деп мәлімдеді Жетісу облысы Панфилов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқиғаға қатысты Қорғаныс министрлігі де ресми түсініктеме берді.

Қазір құқық қорғау органдарымен бірге тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды. Айта кету керек, күдікті бұған дейін теріс қылықтары үшін ҚР Қарулы күштерінің қатарынан шығарылған, – делінген ондағы ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама