×

Тоқаев әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысын ауыстырды

Бұған дейін бұл қызметті Нұрлан Орманбетов атқарған

 Халық үні 29.12.2022 | 15:55
Фото: Владислав Воднев

Қазақстанның қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы ауысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Қосанов Қазақстан қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін осы қызметті атқарған Нұрлан Орманбетов қызметінен босатылды.

Сондай-ақ Қайрат Садықов елдің қарулы күштері әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды. Бұл қызметті енді Нұртас Қабақов атқарады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама