Ақтөбеде сотталушы түрмедегілерге терроризмді насихаттаған
Жазасының үстінен тағы 6 жыл жалғап алды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша сотталушыға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
ҰҚК мәліметінше, кеше Ақтөбе қаласының №2 соты оны ҚР ҚК-нің 174-бабы және 256-бабы 2-тармағы бойынша кінәлі деп тауып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен.
Айыпталушы 2015 жылдан бері экстремистік қылмысы үшін жазасын өтеп келген. Осы уақытқа дейін радикалды идеологияны ұстанып, оны түзеу мекемесіндегі сотталғандар арасында насихаттаған, - делінген хабарламада.
Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енді.