×

Қостанайда урологиялық ота жасалған 5 бала есінен танып қалған

Біреуі 14 күннен бері жансақтау бөлімінде жатыр

 Еркеғали Болатұлы 29.12.2022 | 12:40
фото: ашық дереккөз

Урологиялық отадан кейін комаға түскен қостанайлық 3 жасар бала екі аптадан бері есін жия алмай жатыр. Ал дәрігерлер оған нақты не болғанын түсіндіре алмаған. Тек жағдайға қатысты арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Сол бір ауруханада бір күнде осындай ота жасалған 5 бала бірден есінен танып қалған. Оның төртеуінің беті бері қарай бастапты. Ал Әмір Қарсақтың әкесі баласын ауыр жағдайға түсірген медицина мамандарын жазалауды талап етіп отыр.

Диагнозы – оң жақтағы қалтасына су жиналған. Отадан соң баланың температурасы 40-41 градусқа дейін көтерілген. Соның әсерінен балам есінен танып қалды. Бірден жансақтау бөліміне алып кетті. Содан бері балам оянбай жатыр, - дейді Әмірдің әкесі Нұрлан Бегалов.

Дәрігерлер бұл жағдайды наркозбен байланыстырғандай болады, бірақ нақтысын ешкім білмейді.

Токсикалық энцефалопатия және мидағы қан айналымының бұзылуы диагнозы қойылған. Қазір жұмыс тобы құрылып, неліктен мұндай жағдай болғанын анықтап жатыр. 3 жастағы бүлдіршін жансақтау бөлімінде. Ал өзге 4 бала үйіне жіберілді, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қуат Әлмағанбетов.

Ал Әмірдің ата-анасы жағдайға тікелей дәрігерлерді айыптайды. Сондықтан құзырлы орындарға соларға қатысты шағым түсірген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама