Түркістанда 10 браконьер қорықшыға шабуыл жасады

Қымбат Елтайқызы

Қорықшы түрлі жарақатпен аурухана түсті

фото: Halyq Uni

Түркістанда қорықшыға шабуыл жасалды.

2022 жылғы 12 наурызда сағат 23:30 шамасында Шардара су қоймасында рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде шамамен 10 адамнан тұратын топ «Шардара балық» ЖШС қорықшылық қызметінің қызметкеріне шабуыл жасады, – деді Экология министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті.

Кейін құқық бұзушылық жасалған жерге «Арал-Сырдария» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Түркістан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері барды. Инспекторлар оқиға орнына полицейлерді шақырды.

«Қазір кейбір шабуылдаушы анықталып, Түркістан ПД Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр», – делінген ақпаратта.

Шабуыл кезінде қорықшылық қызметінің автокөлігіне материалдық залал келді. Зардап шеккен қорықшы дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.