Жәбірленушілерді Антикор қызметкерлеріне пара беруге итермелегендер сотталды

Динара Амантай

Олар жәбірленушіден 35 мың АҚШ доллары мен 1 миллион теңгесін алып қойған

Фото: Halyq Uni

Астанада жәбірленушілерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлеріне пара беруге итермелегендерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Астана қаласы Байқоңыр ауданы №2 аудандық сотының үкімімен Ж.Теленұлы және Д.Ерден есімді азаматтар орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу шешімімен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотта анықталғандай, олар қылмыстық жауаптылықтан алшақтату үшін Антикордың қызметкерлеріне пара беруге итермелеу жолымен жәбірленушінің 35 мың АҚШ доллары мен 1 миллион теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.