×

СҚО-да 15 жастағы оқушыны көлік қағып кетті

Зардап шеккен қыз бала аудандық ауруханаға жеткізілді

 Динара Амантай 28.12.2022 | 11:53
Фото: turkystan.kz

Солтүстік Қазақстанда 10-сынып оқушысын көлік қағып кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше сағат 08:20 шамасында Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Ыбыраев ауылындағы Центральная көшесінде Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі 2007 жылы туған оқушыны қағып кеткен. Артынша жүргізуші зардап шеккен қыз баланы Шал ақын аудандық ауруханасына жеткізді. Кейін жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, жүргізуші мас болмаған.

Қазір жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін қажетті материал жиналып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама