Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артты

2 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

 Халық үні 28.12.2022 | 09:08
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артты
Фото: who.int

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус инфекциясы 231 адамнан анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Қайтыс болғандар тіркелген жоқ.

Бір күн бұрын 175 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.

28 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 621 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде 282 пациент стационарда, 2 339 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Коронавирус инфекциясы анықталғандар арасында 8 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайын дәрігерлер өте ауыр деп бағалады.

2 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама