Мамандар отшашуды ағаш астында тұрып атуға болмайтынын айтты
Астана қаласы төтенше жағдай департаменті мамандары мереке күндері қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Астана ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлының айтуынша, іс-шара өткізу кезінде сахнада және залда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапты адам болуға тиіс. Сондай-ақ мұндай жерлерде өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастыру керек.
Іс-шара нысан ішінде өтетін болса, ол жерде міндетті түрде өрт сөндіру құралы болуы қажет.
Мерекелік жиындар өткізілетін орындардың терезесінде тор болса, мұндай жерде і-шара өткізуге болмайды. Шамды қолдану, отшашу және өртке әкелуі мүмкін басқа да өрт қаупі бар жарық шамдарды қолдануға тыйым салынады, - дейді мамандар.
Өрт сөндірушілер қандай да бір нысан ішіне белгіленген адамнан артық кіргізуге де қарсы.
Үйде жасалған жеңіл музыкалық қондырғыны, электр музыкалық жабдықтарды қолдануға рұқсат етілмейді, - дейді мамандар.
Сондай-ақ отшашуды ағаш астында тұрып атуға болмайды. Жел тұрып тұрған кезде де отшашудан аулақ болған жөн.