Halyq Uni логотип
×

«Өтініш жазудың керегі жоқ». Вице-министр аналарға қуанышты жаңалықты жеткізді

Жәрдемақы автоматты түрде ұзартылады

 Дәурен Ерболат 27.12.2022 | 16:58
«Өтініш жазудың керегі жоқ». Вице-министр аналарға қуанышты жаңалықты жеткізді
Фото: Unsplash

Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін ұзарту үшін қосымша өтініш жазудың керегі жоқ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, президент Жолдауда берілген тапсырмаларға сәйкес келесі жылдан бастап бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі 1,5 жасқа дейін ұлғайтылған. Ол жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға қолданылады.

Бұл құқықты 500 мыңнан аса ата-ана пайдаланады. Оны іске асыру үшін бюджеттен қосымша 183 млрд теңге қарастырылған. Төлем мерзімін 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзарту 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес, бала күтімі бойынша жәрдемақы алушыларға ғана қолданыстағы заңнама күшіне енген сәттен бастап жүзеге асырылады. Қосымша өтініштер жазу немесе рәсім талап етілмейді. Жәрдемақы автоматты түрде ұзартылады, - деді Назгүл Сағындықова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр төлем алушылардың ұялы телефонына SMS хабарлама жіберілетінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама