×

Таразда 5 қабатты тұрғын үй өртенді

32 адам эвакуацияланды

 Динара Амантай 27.12.2022 | 12:55
Фото: egemen.kz

Таразда тұрғын үйден өрт шығып, 32 адам эвакуацияланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 27 желтоқсан күні сағат 01:24-те Тараз қаласының кезекші пультіне Сағындықов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерде өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Өрт сөндірушілер дереу өрт орнына жеткен. Сағат 01:49-да өрт толығымен жойылды. ТЖД күшімен 32 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды.

Өртті сөндіруге 14 адам және 3 техника құрамында ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды. 1930 жылы туған әйел күйік жарақатымен (15% 1-2 дәрежелі дене күйігі, орташа ауырлық дәрежесі) ауруханаға жатқызылды.

Өрттің алдын ала себебі – отты абайсыз пайдалану.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама