Тұңғыш президент туралы норма кемінде 20 заңда бар
Әділет министрі Қанат Мусин Тұңғыш президент туралы заң жыл соңына дейін неге күшін жоймағанын түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қазір Тұңғыш президент туралы заң жобасымен Әділет министрлігі айналысып жатқан жоқ. Біз заңнаманың ревизиясын жүргізіп жатырмыз. Себебі Тұңғыш президент туралы норма кемінде 20 заңда бар. Сондықтан заң жобасын даярлау үшін базаны әзірлеп, бір заңмен ғана емес, кешенді жұмыс жүргізу керек. Жұмыс жалғасып жатыр, - деді Қанат Мусин Үкімет отырысынан соң.
Айта кетейік, бұған дейін Тұңғыш президент туралы заң жыл соңына дейін күшін жоятыны хабарланған болатын.
«Бүгінде заңнамалық актілерді Конституцияға сәйкестендіру жұмыстары жүріп жатыр. Сондықтан Тұңғыш президент туралы заң жыл соңына дейін күшін жояды», – деген еді Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.