Екібастұзда есірткіге мас болған жүргізуші жол апатын жасады

Динара Амантай

Салдарынан бір адам қаза тапты

Фото: polisia.kz

Екібастұзда есірткі қолданған көлік жүргізуші ағашқа соғылып, жол апатын жасады. Салдарынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 26 желтоқсанда түнгі уақытта 32 жастағы ВАЗ жүргізушісі Кеншілер көшесімен келе жатып, ағашқа соғылған. Апат салдарынан 20 жастағы жолаушы оқиға орнында дене жарақаттарынан қайтыс болды, екінші 29 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші есірткіге мас болған. Сондай-ақ оның көлік басқару құқығы жоқ екендігі анықталды.

Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.