Halyq Uni логотип
×

ШҚО-да жемқорлықпен айналысқан 21 полицей сотталды

Ішкі істер органдары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне барынша бейім болып отыр

 Динара Амантай 27.12.2022 | 12:06
ШҚО-да жемқорлықпен айналысқан 21 полицей сотталды
Фото: Halyq Uni

Шығыс Қзақастан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2019-2022 жылдары ІІМ лауазымды тұлғаларына қатысты 70 сыбайлас жемқорлық қылмысын тіркеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

21 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі первенция басқармасының басшысы Архат Бейсембаевтың және Өскемен қалалық полиция басқармасы басшысының орынбасары Марат Баяндиновтың қатысуымен ІІМ мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру шеңберінде облыстың полиция ведомствосының жеке құрамымен кеңес өткізілді. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістерді күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жауапкершілік мәселелері қаралды.

Бүгінде елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейінің жалпы төмендеу үрдісіне қарамастан, ішкі істер органдары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне барынша бейім болып қалуда, - деп атап өтті Архат Бейсембаев.

ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2019-2022 жылдары ІІМ лауазымды тұлғаларына қатысты 70 сыбайлас жемқорлық қылмысын тіркеді. Қылмыстық жауапкершілікке 24 лауазымды тұлға тартылды, олардың 21-і сотталды.

Талдау көрсеткендей, қылмыстардың көпшілігін әкімшілік полиция, жедел-тергеу қызметі, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері жасаған.

Негізінен қылмыстар қылмыстық істерді заңсыз тоқтатқаны, әкімшілік жауапкершіліктен босатқаны үшін пара алумен байланысты.

Сондай-ақ кеңес барысында ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті превенция басқармасының басшысы 2022 жылдың сәуір айында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын ілгерілетуге және іске асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыруға, оны туындататын себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған бірлескен іс-қимылдарды іске асыру мақсатында ІІМ және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғандығын атап өтті.

Осы Меморандум шеңберінде ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа және оның көріністеріне қарсы іс-қимыл, шешімдер қабылдау процестерінің ашықтығын күшейту бойынша шаралар қабылданып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты төзбеушілік атмосферасын құруға ықпал ететін іс-шаралар жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де шоғырландырылған нысандары мен әдістері әзірленетін болады, – деп түйіндеді сөзін Архат Бейсембаев.

Кеңес соңында Өскемен қалалық полиция басқармасы басшысының орынбасары Марат Баяндинов сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері басқарма басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті. Барлық қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау туралы ескертті және бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама