×

Түркістан облысында 26 шетелдік қыз интимдік қызмет көрсеткен (ВИДЕО)

Сондай-ақ жеңгетайлықпен айналысқан 2 қылмыстық топ ұсталды

 Динара Амантай 27.12.2022 | 11:20
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында жеңгетайлықтың 2 дерегі мен жеңіл жүрісті 26 қыз анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағаш қаласының аумағында жезөкшелікпен айналысу үшін жеңгетайлық пен притон ұйымдастырудың 2 дерегін анықтап, жолын кесті. Жедел уәкілдер іздестіру іс-шаралары кезінде интимдік қызметтерді ұсынғаны үшін ақша алған сауна, хостел әкімшілерін ұстады.

Тергеу барысында Қазақстан мен Өзбекстанның 5 азаматынан құралған 2 қылмыстық топ ұсталды. Олар жеңіл жүрісті қыздарды жинап, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырған. Полиция қызметкерлері сауна мен хостелді қарау кезінде ақшалай сыйақы үшін өздерінің интимдік қызметтерін ұсынған Өзбекстан азаматтары, яғни  жеңіл жүрісті 26 қызды анықтап, бөлімшеге жеткізді.

Қазір аталған жайт ҚР ҚК-нің 309-бабы («Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық») бойынша СДТБТ-да тіркелді. Қолма-қол ақша және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама