Олар ғимарат пен құрылыс салуға арналған жалпы көлемі 3,56 га 2 жер телімін негізсіз ауыстырған
Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен қозғалған қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Антикордың мәліметінше, 2021 жылы Тараз қалалық жер комиссиясының шешімімен қала тұрғынының шаруашылық жүргізуге арналған жер телімі ғимарат пен құрылыс салуға арналған жалпы көлемі 3,56 га 2 жер теліміне тегін ауыстырылғандығы анықталған. Жер телімдерін негізсіз ауыстыру салдарынан мемлекетке 159 млн теңге залал келтірілген.
Тергеу барысында Тараз қалалық жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы мен аталған бөлімнің бұрынғы сектор меңгерушісі қамауға алынып, оларға қатысты қалалық тергеу сотымен «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Ал қылмыскерлердің әрекетіне соңғы бағаны сот береді.