×

Биыл 402 млрд теңге әлеуметтік жәрдемақы берілді

1 қаңтардан бастап мемлекеттік көмектің көлемі 8,5%-ға көбейеді

 Дастан Жұмабекұлы 27.12.2022 | 10:18
фото: ашық дереккөз

Биыл елімізде мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы түрінде 402 млрд теңгеден аса жәрдемақы төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметіне қарағанда, биылғы қарашада мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 28,5 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 9,3 млрд теңге бөлінді.

1 желтоқсандағы жағдайға сүйенсек, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері 54 062 теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар  50 368 теңге болған.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің көбеюіне байланысты мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға көбейеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама