×

Астаналық кәсіпкер 120 мың долларын алаяқтарға жем қылды (ВИДЕО)

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Динара Амантай 27.12.2022 | 10:21
Фото: polisia.kz

Алаяқтар тобы Астана тұрғынын 120 мың АҚШ долларына алдап кеткен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Шымкентте ІІМ Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы мен Түркістан облысының полицейлерімен, сондай-ақ Ұлттық ұлан арнайы жасақтарының қызметкерлерімен арнайы операция барысында аса ірі көлемде бірқатар алаяқтық жасаған күдіктілер тобын ұстаған.

Анықталғандай, алаяқтар алдау және сенімге қиянат жасау арқылы астаналық кәсіпкерге телефон соғып, өздерін таныс бизнес серіктеспіз деп таныстырып, 120 мың АҚШ доллары көлемінде қарыз сұраған.

Қоңырау шалушыға сенген жәбірленуші жақын күндердің бірінде Алматыда болатынын және ақшаны өз қолымен апарып беретінін айтқан. Қалаға келген соң бұрын бейтаныс жігітті кездестіріп, оған ақшаны тапсырған. Бірнеше күннен кейін жәбірленуші досына қоңырау шалып, қарызын қайтаруды сұраған. Танысы өз кезегінде одан қарызға ақша алмағанын айтқан...

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама