Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды
Тоқаев маусымда ғылым академиясына бюджеттен қаржы бөліп, мемлекеттік мәртебе беруді тапсырды
Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясы жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналады. Үкімет тиісті қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Осылайша, Қазақстан Республикасының ұлттық ғылым академиясы қызметіне кіреді:
- әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;
- ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындауды және басып шығаруды үйлестіру;
- ғылымды дамыту бойынша форсайттық зерттеулерді дайындауды және жүргізуді үйлестіру;
- ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізу;
- ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу;
- ғылыми журналдар шығару, халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысу;
- ғылымды танымал етуге қатысу.
Ұлттық ғылым академиясы жұмысын қаржыландыру республикалық бюджеттен бөлінген бюджет қаражаты есебінен жүреді.
Айта кетейік, 2022 жылдың бірінші маусымында Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының мерейтойлық сессиясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттен қаржы бөліп, мемлекеттік мәртебе беруді тапсырды. Сондай-ақ академияның рөлін арттыруды тапсырған.
Академиктердің ұсынысы бойынша Үкімет Ұлттық ғылым академиясына трансформациялау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрды. Оның негізгі міндеті академия қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірыңғай ұстанымды қалыптастыру болды.