×

Маңғыстау және Атырау облыстарында өрттен 19 адам құтқарылды

Полицейлер жедел жәрдем келгенге дейін балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетті

 Дастан Жұмабекұлы 26.12.2022 | 15:39
фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық елді мекенінде №2 шағын ауданның көпқабатты үйлерінің бірінде өрт болып, одан 11 адам құтқарылды.

Учаскелік полиция инспекторлары Аслан Есенғалиев пен Айдос Думаш кезекші бөлімнен хабарлама алғаннан кейін бірден отқа оранған үйге барып, 11 адамды ажалдан арашалап қалды. Полицейлер әуелі екінші қабаттағы пәтерден 9 адамды эвакуациялап, сосын жоғарғы қабаттағы пәтерлердің біріне барып, анасы мен баласын өрттен аман-есен алып шықты. Бұл ретте учаскелік инспекторлар 7 жасар балаға газға қарсы бас киім кигізіп, оны анасымен бірге көшеге шығарды. Сол жерде тағы бір ересек әйел де эвакуацияланды.

Сол күні Атырауда да осындай жағдай болды. Таңертеңгі сағат 10-нан кете Құрманғазы ауданының ПМК-25 елді мекенінде орналасқан екі қабатты жатақханадан өрт шықты. Патрульдік полиция инспекторлары Бекжан Мұратқалиев пен Нұрболат Қабасов өртті байқап, оқиға орнына барып, өрт сөндірушілерге көмектесті.

Қызметкерлердің жедел қимылының нәтижесінде өртеніп жатқан үйден 7 бала құтқарылды. Оларды полиция жедел жәрдем келгенге дейін қызметтік көлікке отырғызып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама