Halyq Uni логотип
×

«Конституциялық сотқа береміз». Әйелдер қозғалысы зейнет жасын 61-ге көтеруге қарсы

Бұған дейін белсенділер заңның Конституцияға қайшы екенін мәлімдеген

 Ербол Тұрымбет 26.12.2022 | 15:23
«Конституциялық сотқа береміз». Әйелдер қозғалысы зейнет жасын 61-ге көтеруге қарсы
Фото: Halyq Uni / Gulbarshyn Nurkhan

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Заңда әйелдердің зейнетке шығу жасы 5 жыл мерзімге 61 жас деп бекітілген.

Әйелдердің зейнет жасын 58-ге түсіру жөніндегі республикалық әйелдер қозғалысының жетекшісі Майкен Бегарыстанованың айтуынша, бұл заңның өзі ғана. Енді әлеуметтік кодекс қабылдануы керек. Мәжілістегі жұмыс тобына кіріп, сонда мерзімінен ерте, 58 жастан бастап шығатындай қосымша түзету енгізбекші. 

Қозғалыс мүшелерінің сөзінше, зейнеткерлікке межелі жасынан ерте шығу мүмкіндігі тәжірибесі әлем бойынша бар. Ресейде 2 жыл бұрын, Еуропада 2 жылдан 5 жылға дейін ерте шығуға болады.

Белсенді топ басшысы негізгі ұстанымдарынан таймайтындарын айтып отыр. 2023 жылдан бастап Конституциялық сот қолданысқа енгізіледі. Әйелдер қозғалысы соған құжаттарын дайындап жатқанын мәлімдеді. Ондағы мақсаты, конституциялық сот арқылы заңға қайта түзету енгізіп, әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын мерзімінен ерте емес, бұрынғыдай түбегейлі 58 жасқа түсіру.

Әйелдердің зейнетке шығу жасын көтеруде Конституцияның екі бабы бұзылып отырғанын бұдан бұрын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама