Жамбыл облысында бопсалаумен айналысқан күдіктер ұсталды
Олар жәбірленушіден 2 миллион теңге талап еткен
Тараз қаласының полициясына бопсалау туралы өтінішпен 26 жастағы азамат хабарласты. Ол полицияға белгісіз біреулердің өзінен апта сайын 300 мың теңге талап еткенін, олай болмаған жағдайда абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін ақпарат тарататындарын айтқан.
Оның айтуынша, бопсалаушылар одан 2 миллион теңге талап еткен.
Осыдан кейін жедел-іздестіру шарасы кезінде облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 2 жергілікті тұрғынды 200 мың теңге алып жатқан жерінен ұстады. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұсталғандардың екеуінің де бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазір барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.