×

Талдықорғанда әйелдерге қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топ ұсталды

Оларға келтірілген залалдың жалпы сомасы - 1,7 млн теңге

 Динара Амантай 26.12.2022 | 15:10
Фото: polisia.kz

Талдықорғанда үш әйелге қарақшылық шабуыл жасалған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, алматылық 3 келіншек 16 желтоқсан күні Талдықорған қалалық ПБ-ға өздеріне қарақшылық шабуыл жасалды деген арызбен жүгінген. Олардың қолма-қол ақшасы мен телефондары ұрланған. Келтірілген залалдың жалпы сомасы – 1,7 млн теңге. Әйелдердің қалада массаж салонын ашуды жоспарлап, сол үшін шағын аудандардың бірінде тұрғын үй жалдағаны белгілі болды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері шабуыл жасаған үш ер адамды ұстады. Олардың бірі – жергілікті тұрғын, қалған екеуінің Алматы қаласынан келгендігі анықталды. Үш күдікті бұрын ұрлық істегені үшін сотталған. Жоғарыда аталған 3 ер адамның қылмыс жасауына себепкер болған және бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған арандатушы рөлін атқарған әйел де ұсталды, – деп хабарлады қалалық ПБ тергеушісі Ұлан Қаптағаев.

Іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Соттың санкциясымен 3 күдікті қамауға алынды. Ал қылмысқа себепкер болған әйелге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы таңдалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама