×

Мемлекет басшысының 2022 жылғы қызметінің қорытындысы жарияланды

Президент 298 рет қабылдау мен кездесу өткізген

 Динара Амантай 26.12.2022 | 11:17
Қасым-Жомарт Тоқаев, фото: inbusiness.kz

Мемлекет басшысы 2022 жылы 22 заңға, 422 Жарлыққа, 137 Өкімге, 4 508 қызметтік хат-хабарға, 594 жеке және заңды тұлғалардың жолданымына қатысты тиісті шешімдерге қол қойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі BORT01 Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Биыл президент 60 жеделхат жолдап, 30 мемлекеттің Төтенше және өкілетті елшісінен сенім грамоталарын қабылдаған. 50 рет телефон арқылы сөйлесіп, 7 рет үндеу мен мәлімдеме жасап, 1 рет жария түрде Конституциялық заңдарға қол қойды.

Сонымен бірге, Қасым-Жомарт Тоқаев 59 жиналыс пен кеңеске, 31 халықаралық деңгейдегі шараға қатысты, 298 қабылдау мен кездесу өткізді.

Бұған қоса, президент жыл басынан бері ел ішіне және шетелдерге бірқатар сапар жасады: 16 рет жұмыс сапарымен еліміздің аймақтарына барды. 14 елге 25 рет, оның ішінде ҚХР-ға, Ресей Федерациясына, Өзбекстан, Катар, Түркия, Иран, Сауд Арабиясы, АҚШ, Франция, Азербайжан, т.б. елдерге жұмыс сапарымен барды.

Сондай-ақ 19 елдің мемлекет басшысымен кездесіп, келіссөз жүргізген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама