64 ойынның бәрінде күдік келтіретін инцидент болған жоқ
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) әлем чемпионаты матчтарында ешқандай манипуляция болмағанын ресми түрде жария етті. Бұл туралы lenta.ru хабарлады.
Федерация мәлімдемені өзінің сайтына жариялады. Онда чемпионаттағы 64 ойынның бірде-бірінен манипуляция күдігі болатындай инцидент анықталмағаны хабарланды.
Катарда өткен әлем чемпионатында Францияны матчтан кейінгі пенальтилер сериясы бойынша жеңген Аргентина құрамасы чемпион атанды. Мундиалдың үздік футболшысы атағын аргентиналықтардың капитаны Лионель Месси алды. Турнирдің үздік мергені атағын 8 гол салған Францияның шаблуылшысы Килиан Мбаппе иеленді.
Бұл шуды көтеріп жүрген франциялық жанкүйерлер болатын. Олар осыған байланысты тіпті петиция жинап та жанталасып көрді. Алайда көзі барлардың бәрі кездесудің өне бойында Оңтүстік Америка командасының басым болғанын анық байқады. Ойынның 80-минутында кездейсоқ болған пенальтиден бір доптың қарымын қайтармағанда, француздар негізгі уақытта-ақ жеңіліп қалатын еді.
Мұның соңын ала Мбаппе таразы басын теңестіріп кетті. Осылайша, ойын 2:2 есебімен аяқталды. Ал овер-таймда қарсыластар бір-бір голдан соқты. Онда да ұтылып тұрған француздар есепті пенальтиде теңестірді. Сөйтіп, есеп 3:3 болды. Соңындағы пенальти сериясында болашақ чемпиондар 4:1 есебімен басым түсті. Сондықтан бәрі заңды», – делінген хабарламада.