Halyq Uni логотип
×

«Инфекция өршіп тұр». Бас санитар дәрігер қоғамдық орындарда маска тағуды ескертті

Қазір 12 өңірде R көрсеткіші 1-ден жоғары

 Еркеғали Болатұлы 25.12.2022 | 14:20
«Инфекция өршіп тұр». Бас санитар дәрігер қоғамдық орындарда маска тағуды ескертті
фото: Петр Карандашов

Қазақстанда респираторлық вирусты инфекциялар және тұмаумен сырқаттанудың өсуі тіркеліп отыр. Сондай-ақ бір күнде коронавирус инфекциясын жұқтырған 300-ге жуық адам тіркелді. Осылай деген бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарға қоғамдық орындарда маска тағып жүру керектігін ескертті.

Қазір 12 өңірде – Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Абай, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында R көрсеткіші 1-ден жоғары. Бұл инфекция таралуының өршу белгісі болып табылады.

Алдыңғы аптамен салыстырғанда, өткен аптада инфекция жұқтыру 3% өсті, - деді Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, қазір респираторлық инфекция жұқтыру 20%-ға артқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама