×

Тұрғылықты жерінде тіркеусіз тұрып келген 270 мыңнан аса адам анықталды

Жыл сайын тұрғылықты жері бойынша тіркеу және қайта тіркеу үдерісінен шамамен 2 млн адам өтеді

 Еркеғали Болатұлы 25.12.2022 | 09:25
фото: ашық дереккөз

Биыл тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрған 270 мыңнан аса адам жауапқа тартылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мәди Елубаев жолдаған депутаттық сауалға берген жауабында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде, тұрғылықты жеріне тіркеусіз тұрғаны үшін 272,5 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ шын мәнінде тұрмайтын адамдарды тіркеген және тиісті тіркеусіз тұруға рұқсат берген 2,9 мың тұрғын үй иесі анықталған.

Ал «Учаске» жалпы республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында шетел азаматтары тұрып жатқан жерлер тексерілген.

Марат Қожаевтың айтуынша, жыл сайын тұрғылықты жері бойынша тіркеу және қайта тіркеу үдерісінен шамамен 2 млн адам өтеді екен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама