×

Павлодарда жол апаты салдарынан 2 адам зардап шекті (ВИДЕО)

Аталмыш дерекке қатысты тексеру жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 24.12.2022 | 18:02
Фото: autoassa.ru

Павлодар қаласында екі көлік соқтығысып, салдарынан 2 адам зардап шекті, деп хабаралады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін сағат 11:30 шамасында Павлодар қаласының Ак. Шөкин көшесінде ГАЗ 3302 және Мitsubishi Рajero соқтығысқан.

Апат салдарынан екі адам медициналық көмекке жүгінді. Тексеру жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама