×

Атырауда ер адам әйелі мен қызын өртемек болды (ВИДЕО)

Ол полицейлер келгенше оқиға орнынан қашып кеткен

 Динара Амантай 24.12.2022 | 09:19
Фото: polisia.kz

Атырауда отбасында жанжал шығарып үйін өртемек болған ер адамның отбасы «Аналар үйіне» орналастырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 22 желтоқсан күні уақыт 21:12 шамасында «102» арнасына 1992 жылғы әйел хабарласып, жолдасы мас күйінде үйдің есігін бұзып кіріп, үшкір затпен қорқытып жатқаны жөнінде хабарлама берген.

Аталған мекен-жайға дереу жеткен Батыс-58 экипажы үйдің ішінен түтін шығып жатқанын байқап, жедел түрде әрекет етумен әйел мен оның 4 жастағы баласын қауіпсіз жерге шығарып, өртті ауыздықтайды. Ал мас күйде келіп, әйелін қорқытып, үйді өртке ораған ер азамат жанжал үстінде полиция қызметкерлері келгенше оқиға орнынан қашып кеткен.

 Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері 30 жастағы әйел мен оның 4 жастағы қызын «Аналар үйіне» орналастырып, ер азаматқа қатысты жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама