×

Ақмола облысында 15 елді мекен мен 90 көшенің атауы өзгертіледі

Ономастика комиссиясы шешім қабылдады

 Дастан Жұмабекұлы 23.12.2022 | 18:04
фото: ашық дереккөз

Ақмола облысында 11 елдімекен, 4 ауылдық округ пен 90 көшенің атауы өзгертіледі. Бұл туралы Ақмола облыстық ономастика комиссиясының кезекті отырысында белгілі болды.

Жиында Ақмола облысындағы кейбір елдімекендердің және құрамдас бөліктердің атауларын қайта атау бойынша 11 елдімекен, 4 ауылдық округ және 93 көшені қайта туралы барлығы 108 ұсыныс қаралды.

Облыстық ономастика комиссия мүшелері 1 қала мен 8 ауданнан келген ұсыныстарды талқылап, 11 елдімекен, 4 ауылдық округ пен 90 көшенің атауын өзгерту туралы шешім қабылдады. Яғни, облыстық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алған қайта атау туралы ұсыныстар «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабы, 5-тармағы мен 14-бабы, 4-тармағына сәйкес аудандық өкiлдi және атқарушы органдарының, сонымен қатар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің қарауына жолданды, –  делінген ішкі саясат басқармасының хабарламасында.

Сонымен бірге комиссия отырысында Есіл ауданының 1 көшесі мен Жарқайың ауданының 2 көшесін «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-5-бабына сәйкес ономастика жұмысының критерийлері негізінде қайта атау туралы ұсыныстары қабылданбады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама