Жедел респираторлы инфекция да өршіп тұр
Солтүстік Қазақстан облысында 2 адамнан шошқа тұмауы (H1N1 вирусы) анықталды. Қазір олар ем қабылдап жатыр.
Сондай-ақ бұл өңірде 250-ден аса адам В типті тұмау жұқтырған. Жедел респираторлы инфекция да өршіп тұр екен.
Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, науқастар саны 42 пайызға артқан. Ауырғандардың 70 пайыздайы – 14 жасқа дейінгі балалар.
Қазір СҚО бойынша 75 мың адам тұмауға қарсы екпе алған.