×

СҚО-да 2 адам шошқа тұмауына шалдыққан

Жедел респираторлы инфекция да өршіп тұр

 Еркеғали Болатұлы 23.12.2022 | 17:10
фото: russian.cgtn.com

Солтүстік Қазақстан облысында 2 адамнан шошқа тұмауы (H1N1 вирусы) анықталды. Қазір олар ем қабылдап жатыр.

Сондай-ақ бұл өңірде 250-ден аса адам В типті тұмау жұқтырған. Жедел респираторлы инфекция да өршіп тұр екен.

Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, науқастар саны 42 пайызға артқан. Ауырғандардың 70 пайыздайы – 14 жасқа дейінгі балалар.

Қазір СҚО бойынша 75 мың адам тұмауға қарсы екпе алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама