Halyq Uni логотип
×

Шетелдіктер азаматтық алуы үшін Қазақстанда 5 жыл тұруы керек - көші-қон комитеті

Сондай-ақ олардың қазақ тілінен сынақ тапсыруы шарт

 Еркеғали Болатұлы 23.12.2022 | 16:58
Шетелдіктер азаматтық алуы үшін Қазақстанда 5 жыл тұруы керек - көші-қон комитеті
фото: ашық дереккөз

Шетел азаматы Қазақстан азаматтығын алуы үшін елімізде 5 жыл тұруы керек. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, егер шетелдік азамат біздің елдің азаматымен некелескен болса, онда ол Қазақстанда 3 жыл тұруы шарт. Оның өзінде азаматтық оңайлықпен берілмейді. Яғни, ол қазақ тілінен сынақ тапсырады. Оған дейін тіл үйренуге мүмкіндік беріледі.

Қазір тиісті заң жобасы пысықталып жатыр.

Тесті тапсыратын жерді ұйымдастыратын орталықтарды ашу қарастырылып жатыр. Мемлекеттік тілді қандай дәрежеде білу керек екені заң қабылданғаннан кейін құқықтық актілерде белгіленетін болады, - деді Ілияс Испанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама