×

Шымкент көшесінде осыдан үш күн бұрын туған шақалақ табылды

Басқармадағылар сәбидің қазіргі жай-күйін айтты

коллаж: Halyq Uni

10 наурызда Шымкент қаласының тұрғындары толассыз жауған жаңбыр астында қалған тастанды сәбиді кешкі тоғыздар шамасында байқаған. Куәгерлер жедел жәрдем шақырып, ауыр жағдайда жатқан бөбекті жансақтау бөліміне жатқызған. Қазір сәбидің беті бері қараған. Дәрігерлердің болжамынша, көшеден табылған ұл бала осыдан үш күн бұрын туған болуы мүмкін.

«Тұрғындар балалар алаңшасында жылап жатқан баланы көрген. Баланы көтеріп, call-орталыққа хабарлаған. Ол жерде біздің мамандар баланы қарағанда оның қатты жаурап қалғанын байқап, жансақтау бөліміне жатқызды», - дейді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов.

Жаңа туған нәрестесін жаңбыр астында қалдырған көкек ана әлі табылған жоқ. Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында нәрестенің анасы мен оқиға куәгерлерін анықтауға қатысты барлық қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Шымкентте осыдан 4 ай бұрын да қоқыстан шетінеген сәби табылған еді. Оған қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылып, анасына қатысты ауыр жаза қолданылған жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама