Halyq Uni логотип
×

Қарағандыда мас адам көлікті өртеп жіберген

Күдікті техниканың электр сымдарын әдейі жағып жіберген

 Дастан Жұмабекұлы 23.12.2022 | 11:45
Қарағандыда мас адам көлікті өртеп жіберген
фото: ашық дереккөз

Қарағанды қаласының полиция басқармасына 36 жастағы қала тұрғынынан арыз келіп түсті. Ол түнде көпқабатты үйдің ауласында тұрған көлігін біреулердің өртеп кеткенін айтқан.

Жәбірленушінің айтуынша, түнгі 02:00 шамасында кенеттен көлігі оталған. Сол кезде ол біреулердің көліктің электр сымдарын әдейі жағып жібергенін түсініп, далаға шыққанда, оқиға орнынан отын қалдығын тапқан.

Осыдан кейін криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмысына кірісіп, 45 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады.

Ол көлікті мас болып өртегенін айтты. Қазір ҚР ҚК-нің 202-бабы («Басқа адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама