×

«Кешке қуырдақ, бұйырса!». Жастар «үйрек» деп шанышқымен аққуды түйреп алған (ВИДЕО)

Бұл жайтқа қатысты облыстық ПД өкілдері пікір білдірді

 Еркеғали Болатұлы 22.12.2022 | 18:00
фото: видеодан скриншот

Instagram-дағы парақшалардың бірінде өзенге балыққа келіп, шанышқымен аққуды түйреп алған жастардың видеосы жарияланды. Бұл жайттың Қызылорда облысында болғаны жазылған.

Балалар балық аулап жүріп, үйрек ұстап алды. Кешке 95-тің балаларына қуырдақ, бұйырса! - дейді видеоны түсіріп тұрған жігіт.

Ал негізінен ол құстың үйрек емес, аққу екені анық көрініп тұр. Соған қарағанда, олар аң-құс түрлерін ажырата алмайтынға ұқсайды.

Қызылордада киелі аққу құсына шанышқы тығып өлтірген. Не сұмдық бұл? Қатаң жаза қолдануларыңызды сұраймын, - делінген осы видеоға қатысты жазба сипаттамасында.

Бұл жайтқа қатысты Қызылорда облысының ПД өкілдері пікір білдірді.

«Әлеуметтік желіде жарияланған видеодағы аққу құсын арнайы құралмен аулап-ұстау дерегі Қызылорда облысының полиция департаментінде және оған бағынысты қала, аудандық бөліністерде тіркелмеген. Қосымша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді ПД баспасөз хатшысы Гүлжаһан Қайырбергенова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама