×

Челахтың түрмеден жолдаған хаты Бас прокуратураға жетті

Владислав Челах 2012 жылы өмір бойына бас бостандығынан айырылған

 Халық үні 22.12.2022 | 16:33
Коллаж Halyq Uni

«Арқанкерген» шекара бекетіндегі қайғылы оқиғадан кейін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың өтініші Бас прокуратураға түсті. Бұл туралы Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бас прокуратураға өтініш түсті. Қосымша зерделенеді, себебі бұл он жыл бұрынғы оқиға. Қажеттілік болса, одан (Владислав Челах – Halyq Uni) жауап алынады, - деді Тимур Тәшімбаев.

Айта кетейік, Владислав Челах 2012 жылы 15 адамды өлтірді деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

Ол жақында Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, болған жайды түсіндіру үшін куәлік беруге дайын екенін мәлімдеді.

«Құрметті президент, қаншама жылдар өтсе де мен қайғылы оқиғаның толық көрінісін ашуға дайынмын, кінәлілердің барлығы жазалануы керек. Маған тек айтуға мүмкіндік беруді сұраймын. Мен бәрін бұрынғыдай айтқым келеді. Бейтарап бола алатын тергеушілерге барлық айғақтарды беруге дайынмын. Болған қайғылы оқиғаның шынайы бейнесі ашылмай қалды», - деп жазды Челах хатында.

Владислав Челахқа қатысты қылмыстық іс бойынша қорғаушы тарап Жоғарғы сотқа сот актісін қайта қарау туралы 8 өтінішхат жолдаған. Соның ішінде сотталған Владислав Челах 4 рет, оның анасы Светлана Ващенко 3 рет, адвокат Серік Сәрсенов бір рет өтініш берген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама